Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Венгрия НАТО-ның Украинаға 40 млрд еуро бөлу идеясын сынады

Sputnik
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. НАТО Киевке жылына 40 миллиард еуро бөлуді ұсынды, бұл альянс ережелеріне қайшы келеді, деп мәлімдеді Венгрияның сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Петер Сийярто. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"НАТО басшылығы ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерді пысықтап жатыр. Қазіргі ұсыныс бойынша жылына 16 мың форинт, яғни шамамен 41 миллиард еуро жинау керек. Олар бейбітшілікке қол жеткізу үшін ұзақ мерзімді әскери міндеттемелерді мойынға алу керектігін себеп ретінде атады. Олар Еуропаның ұзақ мерзімді міндеттемелер алғанын көріп, Ресей соғысты аяқтайды деп ойлайды", - деді Сийярто Прагада НАТО сыртқы істер министрлерінің кездесуінен кейінгі мәлімдемесінде.
Оның айтуынша, мұндайды күту қате екенін соңғы екі жыл және бүкіл тарих көрсетіп отыр.
"Әрине, мен міндеттемелер Вашингтон келісіміне сәйкес НАТО-ның негізгі қызметіне қатысты болса ғана Венгрияның қаржылық міндеттемелерді қабылдайтынын айттым. Украинаны әскери даярлау үшін ақша жинау НАТО-ның негізгі мақсаттарының бірі емес. Себебі, НАТО – бұл қорғаныс мақсатында құрылған альянс, оған ешкім шабуылдаған жоқ. Сондықтан қорғану міндеті тұрған жоқ. Бұл керісінше шабуыл жасау сипатындағы әрекеттер. Олар НАТО-ның негізгі функцияларына жатпайды", - деді Сийярто.
Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты. Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина жалғыз өзі соғыса алмайды - Венгрия премьер-министрі