Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина жалғыз өзі соғыса алмайды - Венгрия премьер-министрі

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуВенгрия премьер-министрі Виктор Орбан
Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2024
Жазылу
Оның айтуынша, Ресей мен АҚШ арасындағы келісімдер ұзақ уақыт бойы әлемдік қауіпсіздік тәртібін қалыптастырады
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Украинадағы қақтығыс - бұл Украинаның делдалдылығы арқылы Батыс пен Ресей арасындағы соғыс, деп мәлімдеді Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

"Шешуші келіссөздер Украина мен Ресей арасында емес, АҚШ пен Ресей арасында болады. Егер Еуропа мен АҚШ Украинаға қару-жарақ пен ақша бермесе, қақтығыс аяқталар еді. Украина қазір тәуелсіз мемлекет емес, ол жалғыз өзі соғыс жүргізе алмайды. Соғысты Батыс Украина арқылы жүргізіп жатыр. Сондықтан ақырында келіссөздер АҚШ пен Ресей арасында болады", - деді Орбан чехиялық XTV телеарнасына берген сұхбатында.

Виктор Орбанның пікірінше , Ресей мен АҚШ арасындағы келісімдер Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болғандай ұзақ уақыт бойы әлемдік қауіпсіздік тәртібін анықтайды.
Бұған дейін Венгрия премьер-министрі Украинадағы қақтығыс 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін екенін айтты.
Премьер-министр Венгрии Виктор Орбан - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2024
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Орбан Украинадағы қақтығыс қашан аяқталатынын болжады
Жаңалықтар
0