Қарағанды облысында заманауи сүт өнімдері фермасы ашылады

Sputnik
АЛМАТЫ, 31 мамыр - Sputnik. Қарағанды облысында мал шаруашылығын дамыту жалғасуда. Биыл АӨК саласында "Сарыарка" ӘКК қолдауымен 13 инвестициялық жоба жоспарланған, оның үшеуі сүт-тауар фермаларын салу бойынша. Бұл осы бағытты әртараптандыруға серпін береді, ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Нұра ауданы Көбетей ауылында тәулігіне орта есеппен 27 тонна сүт өндіруге мүмкіндік беретін сүт-тауар фермасының құрылысы жүріп жатыр. Кәсіпорын гольштейн тұқымды сиырлар әкеледі, жоба 1 100 бас ірі қара ұстауды қарастырады. Ферма жобалық қуаттылыққа шыққан кезде жылына 9 000 тоннаға жуық сүт өндіру жоспарлануда. 70-ке жуық жұмыс орны құрылады, бұл ретте жұмысқа бірінші кезекте жергілікті тұрғындар орналастырылады.
Жоба менеджері Арман Нұржанов өндіріс барынша автоматтандырылатынын атап өтті.
Сүт-тауар фермасы өзін азықпен қамтамасыз етеді. Ол үшін су тарту құрылысын және су құбыры желілерін салу жобасы әзірленді. Ол сүрлемге арналған жасыл жүгері және басқа да дәнді дақылдар отырғызылады деп жоспарланған 700 гектар алқапты суаруды көздейді.
Сонымен қатар, пестицидтерді сақтауға арналған қойманың құрылысы аяқталды, машина-трактор шеберханалары мен автогараждар қайта жаңартылды.
Биыл біз картоп өсірудің қарқынды технологиясын қолдандық. Суармалы жерлерді кеңейтуді жалғастырамыз, суармалы алқаптарды 100% - ға дейін жеткізгіміз келеді, - дейді "Шахтерское" ЖШС директорының орынбасары Виталий Прокоп.