https://sputnik.kz/20240531/qaragandy-oblysynda-zamanaui-sut-onimderi-fermasy-ashylady-44689306.html
Қарағанды облысында заманауи сүт өнімдері фермасы ашылады
Қарағанды облысында заманауи сүт өнімдері фермасы ашылады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 31 мамыр - Sputnik. Қарағанды облысында мал шаруашылығын дамыту жалғасуда. Биыл АӨК саласында "Сарыарка" ӘКК қолдауымен 13 инвестициялық жоба... 31.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-31T16:50+0500
2024-05-31T16:50+0500
2024-05-31T16:51+0500
қарағанды облысы
сүт өнімдері
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/old/952/57/9525715_0:251:2750:1798_1920x0_80_0_0_dfbbe65e53c0ca44d70a501c6bddfa49.jpg
АЛМАТЫ, 31 мамыр - Sputnik. Қарағанды облысында мал шаруашылығын дамыту жалғасуда. Биыл АӨК саласында "Сарыарка" ӘКК қолдауымен 13 инвестициялық жоба жоспарланған, оның үшеуі сүт-тауар фермаларын салу бойынша. Бұл осы бағытты әртараптандыруға серпін береді, ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.Нұра ауданы Көбетей ауылында тәулігіне орта есеппен 27 тонна сүт өндіруге мүмкіндік беретін сүт-тауар фермасының құрылысы жүріп жатыр. Кәсіпорын гольштейн тұқымды сиырлар әкеледі, жоба 1 100 бас ірі қара ұстауды қарастырады. Ферма жобалық қуаттылыққа шыққан кезде жылына 9 000 тоннаға жуық сүт өндіру жоспарлануда. 70-ке жуық жұмыс орны құрылады, бұл ретте жұмысқа бірінші кезекте жергілікті тұрғындар орналастырылады.Жоба менеджері Арман Нұржанов өндіріс барынша автоматтандырылатынын атап өтті.Сүт-тауар фермасы өзін азықпен қамтамасыз етеді. Ол үшін су тарту құрылысын және су құбыры желілерін салу жобасы әзірленді. Ол сүрлемге арналған жасыл жүгері және басқа да дәнді дақылдар отырғызылады деп жоспарланған 700 гектар алқапты суаруды көздейді.Сонымен қатар, пестицидтерді сақтауға арналған қойманың құрылысы аяқталды, машина-трактор шеберханалары мен автогараждар қайта жаңартылды.Биыл біз картоп өсірудің қарқынды технологиясын қолдандық. Суармалы жерлерді кеңейтуді жалғастырамыз, суармалы алқаптарды 100% - ға дейін жеткізгіміз келеді, - дейді "Шахтерское" ЖШС директорының орынбасары Виталий Прокоп.
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/952/57/9525715_10:0:2741:2048_1920x0_80_0_0_1afa47ddf02a41cfd1360cb773a25992.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, сүт өнімдері, ауыл шаруашылығы
қарағанды облысы, сүт өнімдері, ауыл шаруашылығы
АЛМАТЫ, 31 мамыр - Sputnik. Қарағанды облысында мал шаруашылығын дамыту жалғасуда. Биыл АӨК саласында "Сарыарка" ӘКК қолдауымен 13 инвестициялық жоба жоспарланған, оның үшеуі сүт-тауар фермаларын салу бойынша. Бұл осы бағытты әртараптандыруға серпін береді, ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Нұра ауданы Көбетей ауылында тәулігіне орта есеппен 27 тонна сүт өндіруге мүмкіндік беретін сүт-тауар фермасының құрылысы жүріп жатыр. Кәсіпорын гольштейн тұқымды сиырлар әкеледі, жоба 1 100 бас ірі қара ұстауды қарастырады. Ферма жобалық қуаттылыққа шыққан кезде жылына 9 000 тоннаға жуық сүт өндіру жоспарлануда. 70-ке жуық жұмыс орны құрылады, бұл ретте жұмысқа бірінші кезекте жергілікті тұрғындар орналастырылады.
Жоба менеджері Арман Нұржанов өндіріс барынша автоматтандырылатынын атап өтті.
Сүт-тауар фермасы өзін азықпен қамтамасыз етеді. Ол үшін су тарту құрылысын және су құбыры желілерін салу жобасы әзірленді. Ол сүрлемге арналған жасыл жүгері және басқа да дәнді дақылдар отырғызылады деп жоспарланған 700 гектар алқапты суаруды көздейді.
Сонымен қатар, пестицидтерді сақтауға арналған қойманың құрылысы аяқталды, машина-трактор шеберханалары мен автогараждар қайта жаңартылды.
Биыл біз картоп өсірудің қарқынды технологиясын қолдандық. Суармалы жерлерді кеңейтуді жалғастырамыз, суармалы алқаптарды 100% - ға дейін жеткізгіміз келеді, - дейді "Шахтерское" ЖШС директорының орынбасары Виталий Прокоп.