Каналға түсіп кеткен көліктен жүргізушінің мәйіті табылды

Қайғылы оқиғаға жол апаты себеп болған
Sputnik
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында каналға түсіп кеткен көліктен жүргізушінің мәйіті шығарылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Жер-2024" оқу-жаттығуына келген Қарағанды облысының құтқарушылары автокранның көмегімен судан автокөлікті және оның ішінде қимылсыз жатқан жүргізушіні алып шықты", - делінген хабарламада.
Жеңіл автокөлік Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауылынан 5 километр қашықтықта жол апаты салдарынан Төре Тоған каналына түсіп кеткен.