Каналға түсіп кеткен көліктен жүргізушінің мәйіті табылды

© Sputnik / Павел Петров Архивное фото упавшего в реку автомобиля
Архивное фото упавшего в реку автомобиля - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2024
Жазылу
Қайғылы оқиғаға жол апаты себеп болған
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында каналға түсіп кеткен көліктен жүргізушінің мәйіті шығарылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Жер-2024" оқу-жаттығуына келген Қарағанды облысының құтқарушылары автокранның көмегімен судан автокөлікті және оның ішінде қимылсыз жатқан жүргізушіні алып шықты", - делінген хабарламада.
Жеңіл автокөлік Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауылынан 5 километр қашықтықта жол апаты салдарынан Төре Тоған каналына түсіп кеткен.
Жаңалықтар
0