АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің басқарма төрағасын қамауға алды.
"Ол медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын кедергісіз аударғаны үшін Алматы қаласының кәсіпкерінен 11,6 млн теңге көлемінде пара алған", - делінген Антикор хабарламасында.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.