Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры жемқорлық үшін күдікке ілінді

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2024
Жазылу
Ол 11,6 млн теңге көлемінде пара алған деген күдікке ілінді
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің басқарма төрағасын қамауға алды.
"Ол медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын кедергісіз аударғаны үшін Алматы қаласының кәсіпкерінен 11,6 млн теңге көлемінде пара алған", - делінген Антикор хабарламасында.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Жаңалықтар
0