АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Атырау облысындағы су тасқыны өрт сөндірушінің өмірін қиды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
"29 мамырда Жылой ауданының Құлсары қаласында су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Атырау облысы ТЖД №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Бейбарыс Жалғасбайұлы Рақым қайтыс болды", - деп жазылған хабарламада.
Қаза болған азаматтық қорғау сержанты 2001 жылы туған.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі Бейбарыс Жалғасбайұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
"Ол өз ісінің кәсіби маманы ретінде есімізде мәңгі қалады", - деп атап өтті ведомство.
ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді.