"Еріксіз жыладым": құтқарушылар су басқан аймақтарда қандай қиындыққа тап болғанын айтты
11:22 11.04.2024 (жаңартылды: 15:38 11.04.2024)
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚұтқарушылар су басқан аймақтарда қандай қиындыққа тап болғанын айтты
© Sputnik / Айдана Дайырова
Жазылу
Шарасыз халықтың шырылдаған даусы құтқарушылардың әлі күнге құлағында
АЛМАТЫ, 10 сәуір – Sputnik. Қызыл су басқан аймақтарда құтқарушылар бірінші болып көмекке ұмтылды. Олардың еңбегі жалпылама айтылғанымен қандай қиындықтармен бетпе-бет келгенін былайғы жұрт біле бермейді. Sputnik Қазақстан тілшісі бейбіт күннің батырларын әңгіме тартты.
"Көзіме еріксіз жас келді"
Костанай каласы №1 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі Ердәулет Нұрахмет – талай жанды селден аман алып қалған құтқарушылардың бірі. Ол Торғай қаласында 12 күн бойы су кешкен.
"Көлқамыс ауылы маңындағы бөгет бұзылып, ауылды су басқан кезде құтқарушылар дереу жеттік. Бәріміз үйді-үйді аралап кеттік. Шеткері тұрған үйге барсам, 8 баласы бар екен, ең кішкентайы 1 жасар ғана. Бір баланы мойныма, бір баланы арқалап тасыдым. Сонда балаларды тасып жүріп, еріксіз жыладым. Өйткені сол кездегі ауыр жағдайды сөзбен жеткізу мүмкін емес", - дейді Ердәулет Нұрахмет.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚұтқарушылар су басқан аймақтарда қандай қиындыққа тап болғанын айтты
Құтқарушылар су басқан аймақтарда қандай қиындыққа тап болғанын айтты
© Sputnik / Айдана Дайырова
Су басқан үйлердің бірінде қалған мүмкіндігі шектеулі жанның бейнесі Ердәулеттің көз алдынан кетпейді.
"Тағы бір үйге кірсем не орнынан тұра алмайтын, не сөйлей алмайтын адамды көрдім. Дереу көтеріп алып сыртқа ұмтылдым. Бір мен емес, талай құтқарушы еңбек етті. Бастысы адамдарды аман алып қалайық деп жанталастық", - дейді Костанай каласы №1өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі Ердәулет Нұрахмет.
Құтқарушылар үйге бірнеше рет қатынап, адамдарды кемінде 200-300 метр жерде тұрған қайыққа тасыған.
Шарасыз халықтың шырылдаған даусы құтқарушылардың әлі күнге құлағында.
"Ит пен мысық та адамнан араша іздеді"
Сейітжан Қалбай Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінің қызметкері.
"26-27 наурызда жаппай ескерте бастадық, бірақ халықты қозғау мүмкін болмады. Көпшілігі немқұрайлы қарады. Жылда су тасып жүр, бұл жерге дейін жетпейді деп орнынан қозғала қоймады. 28-29 наурызда эвакуация кезінде халықтың үрейін көрдім. Суға кеткен үйлерді, адамның шошығанын көріп сондай ауыр жағдайда болдым. Бар жиған дүниесі, малы суда қалып, шырылдаған халықты көру өте ауыр екен", - дейді Сейітжан Қалбай.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚұтқарушылар су басқан аймақтарда қандай қиындыққа тап болғанын айтты
1/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Құтқарушылар су басқан аймақтарда қандай қиындыққа тап болғанын айтты
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚұтқарушылар су басқан аймақтарда қандай қиындыққа тап болғанын айтты
2/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Құтқарушылар су басқан аймақтарда қандай қиындыққа тап болғанын айтты
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚұтқарушылар су басқан аймақтарда қандай қиындыққа тап болғанын айтты
3/3

Су басқан үйлерден адамдарды шығарған соң, ұрлық-қарлық болмасын деп су кешіп, үйлерді аралап күзеттік, дейді Сейітжан.
"Тағы бір таңқалғанымыз ит-мысықтарға дейін көмекке сондай мұқтаж болды. Әшейінде байқамайсың, бірақ сондай аласапыран кезде олардың да адамнан пана іздейтінін көрдім", – дейді әскери қызметші.
"Аңыраған ананың дауысы құлағымда"
Атырау қаласы Жедел құтқару жасағаның құтқарушысы Данабек Бағытжан балалары үшін жиған азын-аулақ бұйымын тауып беруді өтініп, аңырап жылаған анаға көмекке барған.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚұтқарушылар су басқан аймақтарда қандай қиындыққа тап болғанын айтты
1/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Құтқарушылар су басқан аймақтарда қандай қиындыққа тап болғанын айтты
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚұтқарушылар су басқан аймақтарда қандай қиындыққа тап болғанын айтты
2/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Құтқарушылар су басқан аймақтарда қандай қиындыққа тап болғанын айтты
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚұтқарушылар су басқан аймақтарда қандай қиындыққа тап болғанын айтты
3/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Құтқарушылар су басқан аймақтарда қандай қиындыққа тап болғанын айтты
1/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Құтқарушылар су басқан аймақтарда қандай қиындыққа тап болғанын айтты
2/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Құтқарушылар су басқан аймақтарда қандай қиындыққа тап болғанын айтты
3/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Құтқарушылар су басқан аймақтарда қандай қиындыққа тап болғанын айтты
"Құлсарыда жасы алпыстан асқан ана келіп қатты жылады. Сондай жалынып көмек сұрады. Айтуынша, жиған-терген алтын бұйымдары суда қалыпты, соны шығарып беруді өтінді. Негізі құтқарушыларға берілген тапсырма бойынша біз құжат сияқты ең қажетті заттарын ғана алып шығуымыз керек. Бірақ апай етегі жасқа толып, сондай жалынды. Бізге ондай заттарды барып алуға заңды түрде рұқсат жоқ, үйдің иесі қасымызда бірге жүру керек. Сосын жаңағы кісінің күйеуі бірге еріп, үйге кірдік. Біз іздеген зат сандықта екен, ал сандық судың астында қалған. Оның үстіне тағы бір сандық қойып тастаған. Ол үстіндегі сандықтың өзі судан көрінбейді, ақыры іздеген затын тауып бердік", - дейді Данабек Бағытжан.
"Сендер келмегенде суға секірейін деп отыр едім"
Мұрат Тапашев – Ақтөбе облысы Ойыл ауданы №18 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушысы. 29 наурызда Ойыл өзені арнасынан тасығанда бірінші болып Мұрат пен әріптесін Берсиев ауылына көмекке жіберген.
"Тікұшақтан ауылдың ортасына түсіріп кетті. Судың қарқыны өте қатты болды. Халық үйдің, қораның төбесіне шығып алған, бәрі жапа-тармағай құтқарыңдар деп шулап жатты. Түскен бойда мектепке барып қайығымызды үрлеп, құтқаруға кірістік. Мектепке жақын аулада бірнеше адам жиналып тұр екен, бірінші соларды қайықпен тасыдық. Мектеп пен үйдің арасы ары кетсе 500-600 метр, соның өзін тасу өте ауыр болды, өйткені ағыс қатты. Екі құтқарушы соларды таси бастадық", - дейді Мұрат Тапашев.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚұтқарушылар су басқан аймақтарда қандай қиындыққа тап болғанын айтты
Құтқарушылар су басқан аймақтарда қандай қиындыққа тап болғанын айтты
© Sputnik / Айдана Дайырова
Жиналып тұрғандарды да, жалғыз қалғандарды да судан қауіпсіз жерге шығарған қос құтқарушы талайдың алғысын алған.
"Бір алпыстан асқан бір апай жалғыз өзі сарайдың үстіне шығып алыпты. Ана сарайдың қабырғалары қақырап, сәл болғанда суға кеткелі тұр екен. "Қорыққаным соншалықты, сендер енді келмегенде суға секірейін деп отыр едім" деді апай. Ол кісіні де аман-есен құтқарып қалдық", - дейді Мұрат Тапашев.
Ойылдық екі құтқарушыға қосымша көмек келіп, екі күн бойы Берсиев ауылының тұрғындарын қауіпсіз жерге алып шыққан.
Құтқарушылардың айтуынша, халық биылғы қызыл суда дәрменсіз күйде қалған. Жылдағыдай жәй ғана тасып, сабасына түседі деп ойлаған.
"Су ма, сағым ба деп түсінбей қалдым"
3656 әскери бөлімінің ұшқыштарына адамдарды құтқару туралы тапсырма 30 наурызда түскен. Бірінші болып жолда қалған 7 адамды құтқарған.
"Ойыл ауылына қарай ұшқанда мен сағым ба, су ма деп ойланып қалыппын. Су деп ойлау мүмкін емес еді. Жақындағанда су екенін көріп, жағамды ұстадым. Қорқыныштысы сол ұшып келе жатқанда шағын арал сияқты жерлерде адамдардың жан сауғалап, көмек сұрағаны. Жан-жақ қалың су, құрғақ жер көрінбейді. Ойыл ғана биік жерде қалыпты. Тағы бір қорқынышты көрініс тікұшақ қонғанда адамдардың жанұшыра жүгіргені", - дейді 3656 әскери бөлімі тікұшақ эскадрильясының аға ұшқыш штурманы Нұрболат Советбеков.
Судың көлемі өте көп болды, сөзбен айтып жеткізе алмаймын, дейді ұшқыш.
"Шиеттей бала-шаға, нәрестелерін көтеріп жүгірген адамдар, тезірек кеткісі келіп жанұшырған мүгедек жандар... Бәрін бірден салып алғым келді, бірақ ол мүмкін емес еді. Бәрінің сол сәттегі арманы мына зұлматтан құтылу ғана болды. "Қайтып ұшып келемін, біріңізді қалдырмай алып кетемін" деп түсіндірумен боласың. Бірақ ешқайсысы тыңдағысы келмеді, тек кеткісі келді", - дейді ұшқыш.
Бірінші кезекте балалар мен мүгедек жандар, қарттарды судан аман алып шыққан.
"Әуеде ұшып келе жатып, судың астында қалған ауыл, үй, мал, техниканы көресің, сондай жүрегің ауырады. Әйтеуір адам аман ғой, соған шүкірлік еттік. Қазір енді су басқан аумақтарға гуманитарлық көмек тасып жатырмыз", - дейді Нұрболат Советбеков.