АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Бас прокуратура Алматы қаласының полиция департаментінің экс-басшысы Таймерденовтің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Алматы қаласының полиция департаментінің экс-басшысы Таймерденовтің ұсталғаны туралы түрлі телеграм-каналдарда тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - делінген хабарламада.
Осыған орай, Бас прокуратура көрінеужалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертіп, барлық азаматтар мен БАҚ өкілдерін ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.