Синоптиктер қай өңірде күн жылынатынын айтты

Республика аумағында ауа райына циклон ықпал етеді
Sputnik
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Кезекті циклон Қазақстанның барлық аумағында ауа райына ықпал етеді, ол өзімен бірге жаңбыр әкеледі, деп хабарлады Қазгидромет.
28 мамырда еліміздің солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады, түнгі уақытта ылғалды қарға айналуы мүмкін.
Температура айтарлықтай жоғарыламайды – 28 мамырда батыста, солтүстікте және орталықта, 29-30 мамырда шығыста түнгі уақытта 3 градусқа дейін үсік жүреді деп болжанып отыр.
Еліміздің батысында ғана жоғары қысым өрісі жауын-шашынның тоқтауына және түнде де, күндіз де ауа температурасының біртіндеп жоғарылауына әкеледі.
Синоптиктер мамырда ауа райы қандай болатынын айтты