Синоптиктер мамырда ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневЛето 2021 в Нур-Султане
Лето 2021 в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2024
Жазылу
Айдың екінші және үшінші онкүндігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп болжанып отыр.
АЛМАТЫ, 1 мамыр - Sputnik. Мамыр айының бірінші жартысында күн жаңбырлы, ауа райы құбылмалы болады, сосын жылынады, деп хабарлайды Қазгидромет.
"Жиі жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, кейде найзағай ойнап, қатты жел тұрып, бұршақ жауады. Онкүндіктің басында және ортасында солтүстікте, орталықта, шығыста, республиканың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында түнде қар аралас жаңбыр жауады", - дейді мамандар.
Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталық және шығыста ауа температурасы түнде -5+3°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +5+13°С-тан +20+28°С-қа дейін көтеріледі.
Елдің оңтүстігінде түнде -3+5°С-тан +8+15°С-қа дейін, күндіз +13+23°С-тан +25+30°С-қа дейін сынап бағанасы жоғарылайды.
Ал батыста түнде +8+18°С-тан -3+7°С-қа дейін, күндіз +18+25°С-тан +8+15°С-қа дейін болады.
Айдың екінші және үшінші онкүндігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп болжанып отыр.
"Республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде +10+18°С дейін, күндіз + 25 + 35°С дейін; оңтүстік бөлігінде түнде + 15 +23°C дейін, күндіз+30 +40°C дейін ыстық болады", - дейді синоптиктер.
Мамырдың екінші және үшінші онкүндігінде кей күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ыстықтың беті аздап қайтады. Солтүстікте, орталық және шығыс аймақтарда сынап бағанасы күндіз +15+25°С дейін, оңтүстікте +20+28°С көрсетеді.
Мамыр айында орташа айлық ауа температурасы республиканың көп бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, елдің батыс аймақтарында нормаға жақын болады деп күтілуде.
Мамыр айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде қалыпты болады. Алайда елдің қиыр батысында нормадан көп, Қазақстанның оңтүстік, орталық өңірлерінде керісінше нормадан аз болады, дейді Қазгидромет.
Жаңалықтар
0