АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. 3-4 маусымда Шығыс Қазақстан облысында "Жер-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
"Жер-2024" өткізу барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаткалық лагерлер және далалық медициналық госпиталь көрсетіледі", - деп жазылған хабарламада.
Оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтерінің және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, шартты түрде жойқын сілкініс кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау арқылы өткізіледі.
Еске сала кетейік, 21 мамырда Алматыда сейсмикалық оқу-жаттығу өтіп, оған Төтенше жағдайлар департаменті мен Қарулы күштердің Алматы гарнизонының мыңнан астам қызметкері қатысты. Ол қаланың 16 ауданында бір уақытта өтті.