Қазақстан Қытайдан 10 миллиард текше метр су қабылдауға дайын – министрлік

Бүгінде ҚХР-дан секундына 1810 текше метр су келіп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алтай қаласында гидротехникалық нысандардың жұмысын тексерді, министрліктің баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде министрлік Бұқтырма ГЭС жұмысымен танысып, нысанның бассейндік инспекциялармен өзара іс-қимылын реттеді.
"Қазір біз қытайлық мамандармен шекарадағы жағдайға байланысты тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінде ҚХР-дан секундына 1810 текше метр су келіп жатыр. Бұқтырма су қоймасында 39 млрд текше метр су жиналды. Нысан тағы 10 миллиард текше метр су қабылдай алады. Осылайша, су қоймасы Қытайдан келетін суды қабылдауға дайын. Жағдай жіті бақылауда. Бассейндік инспекция және "Қазсушар" мамандары мұнда тәулік бойы кезекшілік жүргізеді", - дейді Нұржігітов.
Боран гидробекеті аумағындағы Қара Ертіс өзенінен су секундына 1800 текше метр болып келіп жатыр. Судың деңгейі - 557 см. Ал Өскемен су қоймасынан (Бұқтырма су қоймасының контрреттегіші) су жіберу көрсеткіші секундына 900 текше метрге дейін ұлғайтылды.
Айта кетері, жақында Қытайда бөгет жарылды. Соның салдарынан Қазақстанның шығысында су деңгейі көтерілді.
Қытайда бөгет жарылды: Қазақстанның шығысында су деңгейі көтерілді