https://sputnik.kz/20240525/qazaqstan-qytaydan10-milliard-tekshe-metr-su-qabyldauga-dayyn--ministrlik-44557217.html
Қазақстан Қытайдан 10 миллиард текше метр су қабылдауға дайын – министрлік
Қазақстан Қытайдан 10 миллиард текше метр су қабылдауға дайын – министрлік
Sputnik Қазақстан
Бүгінде ҚХР-дан секундына 1810 текше метр су келіп жатыр 25.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-25T17:54+0500
2024-05-25T17:54+0500
2024-05-25T20:45+0500
қазақстан
қытай
бөгет
https://sputnik.kz/img/07e8/05/15/44463013_0:75:1014:645_1920x0_80_0_0_1b5c5cb9e8ae319274e4c7f053daf4d9.jpg
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алтай қаласында гидротехникалық нысандардың жұмысын тексерді, министрліктің баспасөз қызметі.Қазіргі кезде министрлік Бұқтырма ГЭС жұмысымен танысып, нысанның бассейндік инспекциялармен өзара іс-қимылын реттеді.Боран гидробекеті аумағындағы Қара Ертіс өзенінен су секундына 1800 текше метр болып келіп жатыр. Судың деңгейі - 557 см. Ал Өскемен су қоймасынан (Бұқтырма су қоймасының контрреттегіші) су жіберу көрсеткіші секундына 900 текше метрге дейін ұлғайтылды.Айта кетері, жақында Қытайда бөгет жарылды. Соның салдарынан Қазақстанның шығысында су деңгейі көтерілді.
https://sputnik.kz/20240522/qytayda-boget-zharyldy-qazaqstannyn-shygysynda-su-dengeyi-koterildi-44484113.html
қазақстан
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/15/44463013_27:0:987:720_1920x0_80_0_0_d52366feb76dc714bab82914a2c77146.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қытай, бөгет
Қазақстан Қытайдан 10 миллиард текше метр су қабылдауға дайын – министрлік
17:54 25.05.2024 (жаңартылды: 20:45 25.05.2024) Бүгінде ҚХР-дан секундына 1810 текше метр су келіп жатыр
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алтай қаласында гидротехникалық нысандардың жұмысын тексерді, министрліктің баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде министрлік Бұқтырма ГЭС жұмысымен танысып, нысанның бассейндік инспекциялармен өзара іс-қимылын реттеді.
"Қазір біз қытайлық мамандармен шекарадағы жағдайға байланысты тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінде ҚХР-дан секундына 1810 текше метр су келіп жатыр. Бұқтырма су қоймасында 39 млрд текше метр су жиналды. Нысан тағы 10 миллиард текше метр су қабылдай алады. Осылайша, су қоймасы Қытайдан келетін суды қабылдауға дайын. Жағдай жіті бақылауда. Бассейндік инспекция және "Қазсушар" мамандары мұнда тәулік бойы кезекшілік жүргізеді", - дейді Нұржігітов.
Боран гидробекеті аумағындағы Қара Ертіс өзенінен су секундына 1800 текше метр болып келіп жатыр. Судың деңгейі - 557 см. Ал Өскемен су қоймасынан (Бұқтырма су қоймасының контрреттегіші) су жіберу көрсеткіші секундына 900 текше метрге дейін ұлғайтылды.
Айта кетері, жақында Қытайда бөгет жарылды. Соның салдарынан Қазақстанның шығысында су деңгейі көтерілді.