Астанада қар жауады – Қазгидромет

Синоптиктер Астана тұрғындарына алдағы үш күнде күн суық болатынын ескертті
Sputnik
АЛМАТЫ, 24 мамыр – Sputnik. Астанада жаңбыр, қар жауып, күн суытады, деп хабарлады Қазгидромет.
Гидрометеорологиялық орталық алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады.
Астанада 25 мамырда көшпелі бұлт шығып, түнде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады. Қатты дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 23 м/секундқа жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 6-8 жылы болады.
26 мамырда да дәл осындай ауа райы сақталады, ал ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 13-15 жылы болады, дейді синоптиктер.
27 мамырда ауа райы 15-17 градусқа дейін жылынады, жаңбыр жаууы ықтимал.
Алматыда 25-27 мамыр аралығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 20-22 градус жылы болады.
Шымкентте 25 - 27 мамыр аралығында көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады, кейде найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 26-28 жылы болады.
Синоптиктер мамырда ауа райы қандай болатынын айтты