АСТАНА, 23 мамыр — Sputnik. Астанада елордалық және өңірлік тауар өндірушілердің қатысуымен қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта ашылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Жәрмеңке әр демалыс күндері Сарыарқа ауданында Соқпақбаев көшесіндегі №21 үйдің жанында өтеді.
Кәсіпкерлер көкөністердің, жемістердің, сүт өнімдерінің, азық-түлік өнімдерінің және ет өнімдерінің кең ассортиментін ұсынады. Жәрмеңке 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.