Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмысын жандандырады

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиОвощи на рынке
Овощи на рынке - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 мамыр — Sputnik. Астанада елордалық және өңірлік тауар өндірушілердің қатысуымен қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта ашылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Жәрмеңке әр демалыс күндері Сарыарқа ауданында Соқпақбаев көшесіндегі №21 үйдің жанында өтеді.
Кәсіпкерлер көкөністердің, жемістердің, сүт өнімдерінің, азық-түлік өнімдерінің және ет өнімдерінің кең ассортиментін ұсынады. Жәрмеңке 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.
Жаңалықтар
0