ҰБТ-ға тіркеліп үлгермеген талапкерлерге соңғы мүмкіндік берілді

Талапкерлер app.testcenter.kz сайтында бос күндерді ғана таңдай алады
Sputnik
АЛМАТЫ, 22 мамыр - Sputnik. ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп үлгермеген талапкерлер үшін 22 мамыр сағат 10.00 -18.00-ге дейін база ашылады, деп хабарлады жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек.
Талапкерлер app.testcenter.kz сайтында бос күндерді ғана таңдай алады. Екі рет өтініш бергендер үшін бұл қызмет жұмыс істемейді.
Айта кетері, негізгі ҰБТ-ға тіркелу 6-14 мамыр аралығында белгіленген болатын. Алайда кейбір талапкерлер ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп үлгермеген.
Білім
Наурыз айындағы ҰБТ: 50 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды