https://sputnik.kz/20240319/nauryz-ayyndagy-ubt-50-talapker-test-tapsyru-mumkindiginen-ayyryldy-42995012.html
Наурыз айындағы ҰБТ: 50 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
Наурыз айындағы ҰБТ: 50 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
Sputnik Қазақстан
Ең аз таңдалған комбинация – "Химия-Физика" 19.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-19T08:05+0500
2024-03-19T08:05+0500
2024-03-19T08:05+0500
ұбт
білім
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958580_0:319:2723:1851_1920x0_80_0_0_bab053cd1b590d9a976b3a9c80ae4850.jpg
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Наурыз айындағы ҰБТ басталғаннан бері 59 мыңнан астам адам тест тапсырды, деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығы.Орталықтың мәліметінше, талапкерлердің 71,49%-ы қазақ тілінде, 29,39%-ы орыс тілінде, 70 адам ағылшын тілінде тестілеуден өткен.ҰБТ басталғалы шекті балды 69,26% - ға жуық талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 65,08 балды құрады. Ең жоғары балл – 137.Ең аз таңдалған комбинация – "Химия-Физика", оны 76 адам тапсырған.Бүгінгі таңда 81 ереже бұзушылық анықталған."Оның ішінде 50 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 31 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ", - деп хабарлады орталық.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға екі аптада 148 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.Орталық талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алатынын еске салды. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.Айта кетері, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958580_0:6:2723:2048_1920x0_80_0_0_d41bf1e4cd3991da68ef7c7f9534ea26.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұбт
Наурыз айындағы ҰБТ: 50 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
Ең аз таңдалған комбинация – "Химия-Физика"
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Наурыз айындағы ҰБТ басталғаннан бері 59 мыңнан астам адам тест тапсырды, деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығы.
Орталықтың мәліметінше, талапкерлердің 71,49%-ы қазақ тілінде, 29,39%-ы орыс тілінде, 70 адам ағылшын тілінде тестілеуден өткен.
ҰБТ басталғалы шекті балды 69,26% - ға жуық талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 65,08 балды құрады. Ең жоғары балл – 137.
"Тестке қатысушылардың басым бөлігі "Математика-Физика" 17,38% және "Биология-Химия" комбинациясын 15,91%-ы тапсырды. Сондай-ақ, топ-3 қатарына талапкерлердің 11,75%-ы таңдаған "Математика-Информатика" комбинациясы кірді", - деп атап өтті орталық.
Ең аз таңдалған комбинация – "Химия-Физика", оны 76 адам тапсырған.
Бүгінгі таңда 81 ереже бұзушылық анықталған.
"Оның ішінде 50 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 31 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ", - деп хабарлады орталық.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға екі аптада 148 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.
Орталық талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алатынын еске салды. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Айта кетері, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.