АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Құйған ауылының маңындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін екі жолақты автомобиль көпірінің құрылысы жалғасып жатыр. Көпірдің жалпы ұзындығы – 1316 метр. Бұл туралы көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең үлкен көпірдің құрылысы қарқынды жүруде
© Көлік министрлігі
"Бүгінгі күні көпір тіректерін салу бойынша жұмыстардың 81 %-і орындалды: 21 тіректің 17-сі орнатылды, қалған 4 тіректі орнату бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Сондай-ақ 20 аралық құрылымның 10-ы салынды. Жұмыстарды орындау үшін қажетті алаңдарды қамтамасыз ететін уақытша технологиялық көпірдің құрылысы толығымен аяқталды. Кірме жолда жер төсемін орнату және құм-қиыршық тас қоспасынан жол жабынын төсеу бойынша жұмыстар орындалды. Бұдан әрі құрылыс-монтаждау жұмыстарын іске асыру үшін барлық қажетті материалдар дайындалды", - деп атап өтті көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин.
Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең үлкен көпірдің құрылысы қарқынды жүруде
© Көлік министрлігі
Жасалып жатқан жоба өңір үшін стратегиялық маңызға ие. Жобаның сәтті аяқталуы Абай және Шығыс Қазақстан облысының көлік инфрақұрылымын жақсарта түспек.