https://sputnik.kz/20240522/buqtyrma-su-qoymasy-arqyly-otetin-en-ulken-kopirdin-qurylysy-zhalgasyp-zhatyr-44469525.html
Бұқтырма арқылы өтетін ең үлкен көпірдің құрылысы жалғасып жатыр - фото
Бұқтырма арқылы өтетін ең үлкен көпірдің құрылысы жалғасып жатыр - фото
Sputnik Қазақстан
Бүгінгі күні көпір тіректерін салу бойынша жұмыстардың 81 %-і орындалды 22.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-22T10:06+0500
2024-05-22T10:06+0500
2024-05-22T10:17+0500
бұқтырма
көпір
https://sputnik.kz/img/07e8/05/16/44469363_0:63:1059:659_1920x0_80_0_0_a646d4be62437aa4e814f7d96a07fbed.jpg
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Құйған ауылының маңындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін екі жолақты автомобиль көпірінің құрылысы жалғасып жатыр. Көпірдің жалпы ұзындығы – 1316 метр. Бұл туралы көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады."Бүгінгі күні көпір тіректерін салу бойынша жұмыстардың 81 %-і орындалды: 21 тіректің 17-сі орнатылды, қалған 4 тіректі орнату бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Сондай-ақ 20 аралық құрылымның 10-ы салынды. Жұмыстарды орындау үшін қажетті алаңдарды қамтамасыз ететін уақытша технологиялық көпірдің құрылысы толығымен аяқталды. Кірме жолда жер төсемін орнату және құм-қиыршық тас қоспасынан жол жабынын төсеу бойынша жұмыстар орындалды. Бұдан әрі құрылыс-монтаждау жұмыстарын іске асыру үшін барлық қажетті материалдар дайындалды", - деп атап өтті көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин.Жасалып жатқан жоба өңір үшін стратегиялық маңызға ие. Жобаның сәтті аяқталуы Абай және Шығыс Қазақстан облысының көлік инфрақұрылымын жақсарта түспек.
https://sputnik.kz/20220714/buqtyrma-eldin-barlyq-kurorty-26132646.html
бұқтырма
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/16/44469363_50:0:1010:720_1920x0_80_0_0_522caaaa9b46a2aa5abc153306bdf4d1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бұқтырма, көпір
Бұқтырма арқылы өтетін ең үлкен көпірдің құрылысы жалғасып жатыр - фото
10:06 22.05.2024 (жаңартылды: 10:17 22.05.2024) Бүгінгі күні көпір тіректерін салу бойынша жұмыстардың 81 %-і орындалды
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Құйған ауылының маңындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін екі жолақты автомобиль көпірінің құрылысы жалғасып жатыр. Көпірдің жалпы ұзындығы – 1316 метр. Бұл туралы көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Бүгінгі күні көпір тіректерін салу бойынша жұмыстардың 81 %-і орындалды: 21 тіректің 17-сі орнатылды, қалған 4 тіректі орнату бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Сондай-ақ 20 аралық құрылымның 10-ы салынды. Жұмыстарды орындау үшін қажетті алаңдарды қамтамасыз ететін уақытша технологиялық көпірдің құрылысы толығымен аяқталды. Кірме жолда жер төсемін орнату және құм-қиыршық тас қоспасынан жол жабынын төсеу бойынша жұмыстар орындалды. Бұдан әрі құрылыс-монтаждау жұмыстарын іске асыру үшін барлық қажетті материалдар дайындалды", - деп атап өтті көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин.
Жасалып жатқан жоба өңір үшін стратегиялық маңызға ие. Жобаның сәтті аяқталуы Абай және Шығыс Қазақстан облысының көлік инфрақұрылымын жақсарта түспек.