Атырауда тасқыннан кейін ауызсуға 800-ге жуық сынама жасалды

24 жағдайда судың лайлылығы мен дәміне байланысты гигиеналық нормативке сәйкессіздік анықталды
Sputnik
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Атырау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Айгүл Сабырқызының айтуынша, аймақта төтенше жағдай режимі жарияланғалы бері ауызсудан 800-ге жуық сынама алынған.
"Ауыз су сапасын анықтау мақсатында мамандарымыз тасқын болып жатқан аудандардағы ауызсудан 800-ге жуық сынама алды. 24 жағдайда судың лайлылығы мен дәміне байланысты гигиеналық нормативке сәйкессіздік анықталды. Мамандар су қондырғыларына тазалау жұмыстарын жүргізді" - деді спикер Айгүл Сабырқызы.
Сондай-ақ, ашық су көздерінен 98 сынама алынды. Тасқын болып жатқан аумақтарда судың сапасын бақылауға арналған жұмыстар күшейтіліп жатыр.
Тасқыннан зардап шеккен өңірлерде ауызсу сынамасы қалай зерттеліп жатыр