Тасқыннан зардап шеккен өңірлерде ауызсу сынамасы қалай зерттеліп жатыр

© Sputnik/Ертай СарбасовЛаборатория
Лаборатория - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2024
Жазылу
Су тасқыны басталғаннан бері эвакопунктерде 3 мыңнан астам су мен тамақ өнімдерінің сынамалары алынды
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Су тасқыны орын алған өңірлерде жұқпалы аурулардың өршуінің алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысы күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Оразалиева айтты.
"Санэпидқызметтер сумен жабдықтау көздеріне күнделікті күшейтілген мониторинг пен бақылауды жүргізеді. Су тасқыны басталғаннан бері санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге 10 мыңнан астам ауыз су сынамасын іріктеу және зерттеу жүргізілді. Жалпы, сәйкес келмейтін сынамалар бойынша көрсеткіш орташа республикалық жылдық көрсеткіш шегінде", - деді спикер.
Бұдан бөлек, барлық эвакуациялық пункте зардап шеккендерді сумен қамтамасыз ету, тамақтандыру, тұру және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларын бақылау қамтамасыз етіледі, СЭС қызметкерлерінің тәулік бойы кезекшілігі қамтамасыз етіледі.
Су тасқыны басталғаннан бері эвакопунктерде 3 мыңнан астам су мен тамақ өнімдерінің сынамалары алынды. Эвакуацияланғандар арасында ішек және басқа инфекциялар аурулары тіркелген жоқ.
Жаңалықтар
0