Алматы облысында жасанды интеллект жол қозғалысын бақылайды

Жаңа камераларадың ерекшелігі – жоғары дәлдік пен сапалы суреттер
Sputnik
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Алматы облысында жол қозғалысын бақылайтын "SUNQAR" аппараттық-бағдарламалық кешендері іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алматы облысында жасанды интеллект жол қозғалысын бақылайды
Жаңа камераларадың ерекшелігі – жоғары дәлдік пен сапалы суреттер. Ал интеграцияланған жасанды интеллект нақты уақыт режимінде деректерді талдайды және тәртіп бұзушылықтарды анықтайды.
Алматы облысында жасанды интеллект жол қозғалысын бақылайды
"Камера өзінің есептеу қуатын пайдаланып, бұзушылықтарды тіркейді, содан кейін айыппұл салу туралы шешім қабылдау үшін материалдарды автоматты түрде құзыретті органдарға жібереді. Кешеннің басты ерекшеліктерінің бірі - түнгі уақытта да сапалы суретке түсіруге мүмкіндік беретін қуатты инфрақызыл прожектордың болуы", - дейді полицейлер.
Жаңа камералар тіркейтін заң бұзушылықтар:
жүргізуші мен алдыңғы қатарда отырған жолаушының қауіпсіздік белдіктерінің болмауы;
қозғалыс кезінде ұялы телефонды пайдалану;
сыртқы жарық құралдарын дұрыс пайдаланбау;
жаяу жүргіншілерге арналған жолдардан өтпеуі;
белгіленген жылдамдықтан асып кету;
қиылыстардың алдында сызықты кесіп өту;
көлiктерді тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу;
бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту;
бөлінген жолақтар бойынша қозғалыс.
Жалпы, "SUNQAR" кешені жол қозғалысы ережелерін бұзудың 25 түрлі түрін автоматты түрде тіркей алады. Осы камералар бір аптаның ішінде 20 мыңнан астам құқық бұзушылық фактілерін тіркеді.