Алматы облысында жасанды интеллект жол қозғалысын бақылайды
© Sputnik / Тимур БатыршинКамеры видеонаблюдения в Алматы

© Sputnik / Тимур Батыршин
Жазылу
Жаңа камераларадың ерекшелігі – жоғары дәлдік пен сапалы суреттер
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Алматы облысында жол қозғалысын бақылайтын "SUNQAR" аппараттық-бағдарламалық кешендері іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
© Photo : Алматы облысының полиция депаратментіАлматы облысында жасанды интеллект жол қозғалысын бақылайды

Алматы облысында жасанды интеллект жол қозғалысын бақылайды
© Photo : Алматы облысының полиция депаратменті
Жаңа камераларадың ерекшелігі – жоғары дәлдік пен сапалы суреттер. Ал интеграцияланған жасанды интеллект нақты уақыт режимінде деректерді талдайды және тәртіп бұзушылықтарды анықтайды.
© Photo : Алматы облысының полиция департаментіАлматы облысында жасанды интеллект жол қозғалысын бақылайды

Алматы облысында жасанды интеллект жол қозғалысын бақылайды
© Photo : Алматы облысының полиция департаменті
"Камера өзінің есептеу қуатын пайдаланып, бұзушылықтарды тіркейді, содан кейін айыппұл салу туралы шешім қабылдау үшін материалдарды автоматты түрде құзыретті органдарға жібереді. Кешеннің басты ерекшеліктерінің бірі - түнгі уақытта да сапалы суретке түсіруге мүмкіндік беретін қуатты инфрақызыл прожектордың болуы", - дейді полицейлер.
Жаңа камералар тіркейтін заң бұзушылықтар:
жүргізуші мен алдыңғы қатарда отырған жолаушының қауіпсіздік белдіктерінің болмауы;
қозғалыс кезінде ұялы телефонды пайдалану;
сыртқы жарық құралдарын дұрыс пайдаланбау;
жаяу жүргіншілерге арналған жолдардан өтпеуі;
белгіленген жылдамдықтан асып кету;
қиылыстардың алдында сызықты кесіп өту;
көлiктерді тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу;
бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту;
бөлінген жолақтар бойынша қозғалыс.
Жалпы, "SUNQAR" кешені жол қозғалысы ережелерін бұзудың 25 түрлі түрін автоматты түрде тіркей алады. Осы камералар бір аптаның ішінде 20 мыңнан астам құқық бұзушылық фактілерін тіркеді.