Жазда 20 мың бала тегін демалады

Еліміз бойынша 2,9 млн бала жазғы демалысты 10 743 демалыс лагерінде өткізеді деп жоспарлануда
Sputnik
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақыты мен демалысы қалай ұйымдастырылатынын хабарлады.
"Қазақстан халқына" қорының қолдауымен 20 мың бала тегін демалуға мүмкіндік алады", - деп жазылған үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден келген оқушыларға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарынан және ауылдық жерлерден келген көп балалы отбасынан шыққан балаларға басымдық беріледі.
Жалпы, еліміз бойынша 2,9 млн бала жазғы демалысты 10 743 демалыс лагерінде өткізеді деп жоспарлануда: 10 мың – жыл бойы сауықтыру орталықтарында, 240 мың – қала сыртындағы орталықтарда, 2,6 млн – мектеп жанындағы лагерьлерде, 75 мың – шатырлар мен киіз үйлерде.
Өңірлерде жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша бірегей жобалар іске асырылады:
"Ұлы Дала кереметі",
"Jas galym",
"Гастро туризм",
"Бір күн қалада",
"Қонақжай отбасы".
Жаз маусымы қарсаңында министрлік 120 мың педагог-ұйымдастырушыны арнайы даярлықтан өткізді. Қосымша 12 мыңнан астам студент пен ерікті тартылады.
Соңғы қоңырау: министрлік мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына үндеу жасады