Соңғы қоңырау: министрлік мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына үндеу жасады

© Sputnik / Абзал Калиев Последний звонок - 2022 в Нур-Султане

Последний звонок - 2022 в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2024
Жазылу
Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Ішкі істер министрлігі соңғы қоңыраудың алдында мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
25 мамырда барлық мектепте оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаттары өткізіледі. Сол кезде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтіледі. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді. Ал патрульдік нарядтар оқу орындарына барынша жақын жүреді.
"Соңғы жылдардағы тәжірибеге сүйенсек, мектептердегі "соңғы қоңыраулар" аяқталғаннан кейін ата-аналардың рұқсатымен көптеген түлек іс-шараларды өз бетінше жалғастырады. Өкінішке қарай, жасөспірімдердің көлік тізгіндеуі қайғылы оқиғаларға әкеліп жатады. Өткен жылы мұндай фактілер Жамбыл, Атырау облыстары мен Алматы қаласында болды", - дейді министрліктің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Бұдан бөлек, ата-аналардың бақылауынсыз балалар тыйым салынған жерлерде суға түсіп жатады. Былтыр Ақмола, Маңғыстау және Атырау облыстарында бірнеше жасөспірім суға кетті.
"Осыны ескере отырып, ата-аналар мен түлектерді мінез-құлықтың қажетті нормалары мен ережелерін сақтауға шақырамыз. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу 102 арнасына, ал төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуды сұраймыз", – деп түйіндеді Алекешев.
Жаңалықтар
0