Хосе Феликс Эстигаррибия - Парагвайдың 38-ші президенті. 1940 жылдың 7 қыркүйегінде әйелімен бірге ұшақ апатынан қайтыс болды.
Филиппин президенті Рамон Магсайсай (суретте сол жақта). 1957 жылдың 17 наурызында ұшақ апатынан қайтыс болды. Ол мінген ұшақ Себу аралындағы Манунггал тауының баурайында құлаған.
Филиппин президенті Рамон Магсайсай Себуден Манилаға бара жатқан ұшақтың құлаған жері, 1957 жылдың 17 наурызы.
1966 жылдың 13 сәуірінде тікұшақ апатынан қайтыс болған Ирак президенті Абдул Салам Ареф.
Боливия президенті Рене Баррьентос Ортуньо 1969 жылдың 27 сәуірінде тікұшақ апатынан қайтыс болды.
Мозамбиктің тәуелсіздік алғаннан кейінгі бірінші президенті Самора Машел болды. Ол 1986 жылдың 19 қазанында қайтыс болды. Ол мінген ұшақ Оңтүстік Африка Республикасында апатқа ұшырады.
Самора Машел ескерткішінің жанындағы құлаған ұшақтың бөліктері.
Пәкістан президенті Мұхаммад Зия-уль-Хак. Ол ұшақ апатынан қайтыс болды, дегенмен бұл қайғылы оқиғаның мән-жайы әлі белгісіз.
Бұл ұшақ апатында екі бірдей Африка мемлекетінің президенттері қаза тапты. Руанда Республикасының басшысы Жювеналь Хабьяримана мен Бурунди Республикасының президенті Сиприен Нтарьямира 1994 жылдың 6 сәуірінде жылжымалы зениттік зымыран кешенінен ұшаққа оқ атуы салдарынан қаза тапты.
Руанда президенті Жювеналь Хабьяримана мінген Кигалидегі ұшақ апатының орны.
Македония президенттігіне кандидат Борис Трайковский 2004 жылдың 26 ақпанында Босния және Герцеговинаның Мостар қаласында өтетін экономикалық конференцияға бара жатқанда ұшақ апатынан қайтыс болды. Ұшақ қалың тұман мен қатты жаңбыр салдарынан елдің оңтүстік-шығысындағы таудың баурайында құлаған.
Македония президенті Борис Трайковский ұшқан Босниядағы ұшақ апатының орны.
Польша президенті Лех Качиньский Варшавадағы әскери әуежайда ұшаққа отырар алдындағы сәт.
2010 жылдың 10 сәуірінде Польша президенті Лех Качиньский мінген Ту-154 ұшағы Смоленск аэродромына қонуға бағыт алған кезде апатқа ұшырады. Ұшақтағы 96 адамның барлығы, соның ішінде президент пен оның әйелі қаза тапты. Суретте: апат болған жер.
Өткен жексенбіде, 2024 жылдың 19 мамырында Иран президенті Эбрахим Раиси, сыртқы істер министрі Хосейн Әмір Абдоллахиан және басқа да ресми тұлғалар мінген тікұшақ елдің солтүстік-батысындағы Шығыс Әзербайжан провинциясының Верзеган ауданында құлады.
20 мамыр күні таңертең Иран вице-президенті Мохсен Мансури президент пен оның делегациясының қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады. Суретте: Иран президенті Сейед Эбрахим Раисидің тікұшағы құлаған жер.