АСТАНА, 18 мамыр - Sputnik. Қырғызстанда оқып жүрген пәкістандық студенттердің Қазақстанға қашпақ болып жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Бішкек қаласындағы түнгі тәртіпсіздіктерден кейін пәкістандық студенттер тобының Қырғызстаннан Қазақстанға өтуге жиналып жатқаны туралы кейбір БАҚ-та жарияланған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды" - делінген ведомствоның хабарламасында.
Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
ҰҚК-тің хабарлауынша, Қазақстан мен Қырғызстанның шекарашылары Бішкек қаласындағы жағдай туралы үздіксіз ақпарат алмасып отыр.

Бұған дейін Бішкекте түнде жүздеген адам жаппай тәртіпсіздік жасағаны хабарланған болатын.