https://sputnik.kz/20240518/bishkekte-sheteldikter-men-zhergilikti-turgyndar-arasynda-qaqtygys-boldy-44358657.html
Бішкекте шетелдіктер мен жергілікті тұрғындар арасында қақтығыс болды
Бішкекте шетелдіктер мен жергілікті тұрғындар арасында қақтығыс болды
Sputnik Қазақстан
Қырғызстандықтар мен шетелдіктер арасында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ 18.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-18T13:06+0500
2024-05-18T13:06+0500
2024-05-18T13:06+0500
қырғызстан
қақтығыс
https://sputnik.kz/img/07e8/05/12/44356806_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_965a95d37f684e38c5d2502f0ad8c0f8.jpg
АЛМАТЫ, 18 мамыр - Sputnik. 18 мамырға қараған түні Бішкекте жергілікті тұрғындармен төбелескен шетелдік студенттердің тәртібін қамтамасыз ету үшін қалалық полициясының барлық жеке құрамы іске кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.Жатақханалардың бірінде шетелдіктермен төбелес болғанын естіген бірнеше жүз адам төбелеспек болған.Полиция қызметкерлері аумақты қоршап алып, азаматтарды таратуға шақырып, қарсылық көрсеткендерді полиция бөліміне апарған. Сондай-ақ бірнеше күн бұрын төбелеске қатысқан үш шетелдіктің ұсталған."Осы факт бойынша Свердлов ауданының ІІБ Қырғыз Республикасының "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұсталған шетелдіктер ІІБ АӘК-не қамауға алынды", - деп хабарлады Бішкек полициясы."Митингке қатысушылар тарап кетті. Қырғызстандықтар мен шетелдіктер арасында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Барлық көшелердегі жол қозғалысы қалпына келтірілді", - делінген Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.Бішкектің шығыс бөлігіндегі түнгі митинг туралы министрлер кабинеті басшысының орынбасары, Қырғызстан ҰҚК төрағасы Қамшыбек Ташиев түсініктеме берді.Оның айтуынша, бұл жерде 18-25 жастағы 700-ге жуық адам жиналып, елордада мигранттар санының артуына алаңдаушылық білдірген. Сонымен қатар жиналғандардың арасында арандатушылар болды, кейбіреулері тіпті қару-жарақпен болған.Оның айтуынша, егер біреу осындай оқиғаларды саяси мақсатта қолданғысы келсе, билік шара қолданады.Дәл осындай үндеуді Қырғызстан СІМ жариялады. Сыртқы саяси ведомство БАҚ пен шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің өкілдерін "жалған және тексерілмеген ақпаратты таратпауға" шақырды."Жағдай толығымен күш құрылымдарының бақылауында болды. Азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіп қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.Бішкектегі түнгі оқиғалардың нәтижесінде жедел жәрдем бригадаларына медициналық көмекке 29 адам жүгінді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.Оның ішінде 17 адам қалалық жедел жәрдем ауруханасы мен ұлттық ауруханаға жеткізілді, қалғандарына жергілікті жерде көмек көрсетілді.
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/12/44356806_172:0:1132:720_1920x0_80_0_0_f088cb614721bee2a0d59575626cc48d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қырғызстан, қақтығыс
Бішкекте шетелдіктер мен жергілікті тұрғындар арасында қақтығыс болды
Қырғызстандықтар мен шетелдіктер арасында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ
АЛМАТЫ, 18 мамыр - Sputnik. 18 мамырға қараған түні Бішкекте жергілікті тұрғындармен төбелескен шетелдік студенттердің тәртібін қамтамасыз ету үшін қалалық полициясының барлық жеке құрамы іске кірісті, деп хабарлайды
Sputnik Қырғызстан. Жатақханалардың бірінде шетелдіктермен төбелес болғанын естіген бірнеше жүз адам төбелеспек болған.
Полиция қызметкерлері аумақты қоршап алып, азаматтарды таратуға шақырып, қарсылық көрсеткендерді полиция бөліміне апарған. Сондай-ақ бірнеше күн бұрын төбелеске қатысқан үш шетелдіктің ұсталған.
"Осы факт бойынша Свердлов ауданының ІІБ Қырғыз Республикасының "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұсталған шетелдіктер ІІБ АӘК-не қамауға алынды", - деп хабарлады Бішкек полициясы.
"Митингке қатысушылар тарап кетті. Қырғызстандықтар мен шетелдіктер арасында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Барлық көшелердегі жол қозғалысы қалпына келтірілді", - делінген Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бішкектің шығыс бөлігіндегі түнгі митинг туралы министрлер кабинеті басшысының орынбасары, Қырғызстан ҰҚК төрағасы Қамшыбек Ташиев түсініктеме берді.
Оның айтуынша, бұл жерде 18-25 жастағы 700-ге жуық адам жиналып, елордада мигранттар санының артуына алаңдаушылық білдірген. Сонымен қатар жиналғандардың арасында арандатушылар болды, кейбіреулері тіпті қару-жарақпен болған.
"Олардың арасында телефондар мен мессенджерлер арқылы адамдарды билікке қарсы көтеруге тырысқан арандатушылар болды. Біз оларды жауапқа тартамыз", - деді ҰҚК басшысы.
Оның айтуынша, егер біреу осындай оқиғаларды саяси мақсатта қолданғысы келсе, билік шара қолданады.
Дәл осындай үндеуді Қырғызстан СІМ жариялады. Сыртқы саяси ведомство БАҚ пен шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің өкілдерін "жалған және тексерілмеген ақпаратты таратпауға" шақырды.
"Жағдай толығымен күш құрылымдарының бақылауында болды. Азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіп қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.
Бішкектегі түнгі оқиғалардың нәтижесінде жедел жәрдем бригадаларына медициналық көмекке 29 адам жүгінді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Оның ішінде 17 адам қалалық жедел жәрдем ауруханасы мен ұлттық ауруханаға жеткізілді, қалғандарына жергілікті жерде көмек көрсетілді.