АСТАНА, 18 мамыр - Sputnik. АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Узра Зейя 19-23 мамыр аралығында Астана мен Ташкентке барады, деп хабарлады мемлекеттік департамент.
Американдық ведомствоның хабарлауынша, сапар барысында ол "демократиялық басқару мен заңның үстемдігі, адам құқықтары, халықтың осал топтарын қорғау және діни бостандық мәселелерін талқылауды" жоспарлап отыр.
"Астанада мемлекеттік хатшының орынбасары Зейя адам құқықтары мен демократиялық реформалар жөніндегі жоғары деңгейдегі үшінші жыл сайынғы америкалық-қазақстандық диалогта біздің әріптестігімізді және Қазақстанның ішкі реформаларына қолдауды көрсету үшін америкалық делегацияны басқарады", - делінген хабарламада.
Ведомство Зейяның "демократиялық құндылықтарды ілгерілету үшін азаматтық қоғам өкілдерімен кездесетінін" айтты.
Сонымен қатар мемлекеттік департамент "Қазақстанның тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі күш-жігерін жоғары бағалайды" деп атап өтті.
Ташкентте мемлекеттік хатшының орынбасары Зейя Өзбекстанның адам құқықтары мен сот төрелігіне тең қол жеткізу саласындағы конституциялық реформаларды жүзеге асыруын қолдау мақсатында өңірлік диалог ұйымдастырған Конституциялық қылмыстық процестер жөніндегі ғылыми конференцияда сөз сөйлейді.