https://sputnik.kz/20240518/aqsh-memlekettik-departamenti-basshysynyn-orynbasary-astana-men-tashkentke-keledi-44373429.html
АҚШ мемлекеттік департаменті басшысының орынбасары Астана мен Ташкентке келеді
АҚШ мемлекеттік департаменті басшысының орынбасары Астана мен Ташкентке келеді
Sputnik Қазақстан
Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, Орталық Азия елдерінің екі астанасындағы басты міндет - "гендерлік теңдікті ілгерілетуге үкіметтік серіктестер мен... 18.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-18T17:02+0500
2024-05-18T17:02+0500
2024-05-18T17:03+0500
ақш
https://sputnik.kz/img/07e8/05/12/44372572_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_2cfdb1dc8916768fa82317170be17919.jpg
АСТАНА, 18 мамыр - Sputnik. АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Узра Зейя 19-23 мамыр аралығында Астана мен Ташкентке барады, деп хабарлады мемлекеттік департамент.Американдық ведомствоның хабарлауынша, сапар барысында ол "демократиялық басқару мен заңның үстемдігі, адам құқықтары, халықтың осал топтарын қорғау және діни бостандық мәселелерін талқылауды" жоспарлап отыр."Астанада мемлекеттік хатшының орынбасары Зейя адам құқықтары мен демократиялық реформалар жөніндегі жоғары деңгейдегі үшінші жыл сайынғы америкалық-қазақстандық диалогта біздің әріптестігімізді және Қазақстанның ішкі реформаларына қолдауды көрсету үшін америкалық делегацияны басқарады", - делінген хабарламада.Ведомство Зейяның "демократиялық құндылықтарды ілгерілету үшін азаматтық қоғам өкілдерімен кездесетінін" айтты.Сонымен қатар мемлекеттік департамент "Қазақстанның тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі күш-жігерін жоғары бағалайды" деп атап өтті.Ташкентте мемлекеттік хатшының орынбасары Зейя Өзбекстанның адам құқықтары мен сот төрелігіне тең қол жеткізу саласындағы конституциялық реформаларды жүзеге асыруын қолдау мақсатында өңірлік диалог ұйымдастырған Конституциялық қылмыстық процестер жөніндегі ғылыми конференцияда сөз сөйлейді.
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/12/44372572_139:0:2870:2048_1920x0_80_0_0_72d7e3354e338ae8a5ae3c381547ebc8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш
АҚШ мемлекеттік департаменті басшысының орынбасары Астана мен Ташкентке келеді
17:02 18.05.2024 (жаңартылды: 17:03 18.05.2024) Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, Орталық Азия елдерінің екі астанасындағы басты міндет - "гендерлік теңдікті ілгерілетуге үкіметтік серіктестер мен азаматтық қоғам және құқық қорғаушыларды тарту".
АСТАНА, 18 мамыр - Sputnik. АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Узра Зейя 19-23 мамыр аралығында Астана мен Ташкентке барады, деп хабарлады мемлекеттік департамент.
Американдық ведомствоның хабарлауынша, сапар барысында ол "демократиялық басқару мен заңның үстемдігі, адам құқықтары, халықтың осал топтарын қорғау және діни бостандық мәселелерін талқылауды" жоспарлап отыр.
"Астанада мемлекеттік хатшының орынбасары Зейя адам құқықтары мен демократиялық реформалар жөніндегі жоғары деңгейдегі үшінші жыл сайынғы америкалық-қазақстандық диалогта біздің әріптестігімізді және Қазақстанның ішкі реформаларына қолдауды көрсету үшін америкалық делегацияны басқарады", - делінген хабарламада.
Ведомство Зейяның "демократиялық құндылықтарды ілгерілету үшін азаматтық қоғам өкілдерімен кездесетінін" айтты.
Сонымен қатар мемлекеттік департамент "Қазақстанның тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі күш-жігерін жоғары бағалайды" деп атап өтті.
Ташкентте мемлекеттік хатшының орынбасары Зейя Өзбекстанның адам құқықтары мен сот төрелігіне тең қол жеткізу саласындағы конституциялық реформаларды жүзеге асыруын қолдау мақсатында өңірлік диалог ұйымдастырған Конституциялық қылмыстық процестер жөніндегі ғылыми конференцияда сөз сөйлейді.