Жаңбыр, бұршақ жауады: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

Солтүстік, солтүстік-шығыс аймақтарда күндізгі ауа температурасы 18-25 градусқа дейін жоғарылайды
Sputnik
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. "Қазгидромет" 16-18 мамырға ауа райы болжамын жасады.
Синоптиктер алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп болжап отыр.
"Оңтүстік циклон нөсер жауын алып келеді. 16-18 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 16 мамырда шығыста, 17- 18 мамырда оңтүстік-батыста, 18 мамырда солтүстік-батысында қатты жаңбыр және бұршақ жауады", - делінген хабарламада
Тек солтүстік, солтүстік-шығыс аймақтарда 16-17 мамырда жауын-шашын тоқтап, күндізгі ауа температурасы 18-25 градусқа дейін жоғарылайды.
Елдің басым аумағында ауа райы құбылмалы болғанымен, оңтүстік-батыстағы жылы ағын ауаны жылытып, температура фоны мамыр айындағы климатқа біртіндеп оралады.
Синоптиктер мамырда ауа райы қандай болатынын айтты