"Ресей – ислам әлемі: KazanForum" халықаралық экономикалық форумының бағдарламасында 12 түрлі бағыт бойынша 125 тақырыптық сессия сейсенбіде Қазанда басталған болатын.
Қазақстандық делегацияны Kazan Forum-да вице-премьер Серік Жұманғарин бастап барды. Делегация құрамында көлік, сауда және интеграция министрліктерінің және басқа да ведомстволардың өкілдері де бар. Тараптар ислам банкингін, сауда мен туризмді талқылайды.
14-19 мамыр аралығында өтетін форумда қонақтар тек іскерлік іс-шараларды ғана емес, сонымен қатар мәдени-ойын-сауық бағдарларды да тамашалайды. Мәселен, сән фестивалін және "Татнефть аренасда" өтетін хоккей матчын көре алады.
KazanForum іскерлік бағдарламасы бірнеше тақырыптық бағыттарды қамтиды: халықаралық ынтымақтастық, туризм, бизнес, ғылым және технологиялар, исламдық қаржы және инвестициялар, спорт, халал индустриясы және т.б. Бағдарламада – Ресей өңірлерінен, Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінен және басқа елдерден сарапшылардың қатысуымен 125 тақырыптық сессия өткізіледі.
Делегаттар мультимодальды көлік дәліздерін, туризмді, ресейлік халал өнімдерінің экспортын, экономикалық қауіпсіздікті, серіктестік қаржыландыруды, өнеркәсіптік, технологиялық, білім беру және мәдени жобаларды және т.б. дамытуға арналған сессияларда кездеседі. Б. Рамеев атындағы IT-паркте "Ресей – Ислам әлемі" стратегиялық көзқарасы тобының отырысы өтеді.
Бағдарламада – ИЫҰ елдерінің жас кәсіпкерлерінің Х Қазан форумы, ИЫҰ елдерінің жас дипломаттарының форумы, стартаптардың тұсаукесерлері, жас аспаздар турнирі және басқа да іс-шаралар бар.
Пленарлық отырыс 17 мамырда өтеді. Сарапшылар Ресей мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінің түрлі салалардағы өзара іс-қимылының перспективаларын талқылап, форум жұмысын қорытындылайды.