https://sputnik.kz/20240515/resey--islam-alemi-forum-sessiyasynyn-translyatsiyasy-44284392.html
"Ресей – Ислам әлемі": форум сессиясының трансляциясы
"Ресей – Ислам әлемі": форум сессиясының трансляциясы
Sputnik Қазақстан
Қазанда "Ресей - ислам әлемі" Халықаралық форумы басталды. Ол Қазанда 14-19 мамыр аралығында өтеді 15.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-15T13:12+0500
2024-05-15T13:12+0500
2024-05-15T13:12+0500
ислам ынтымақтастық ұйымы
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0f/44278898_0:151:3103:1896_1920x0_80_0_0_841ac15f23c80ae483073426be9e3113.jpg
"Ресей – ислам әлемі: KazanForum" халықаралық экономикалық форумының бағдарламасында 12 түрлі бағыт бойынша 125 тақырыптық сессия сейсенбіде Қазанда басталған болатын.Қазақстандық делегацияны Kazan Forum-да вице-премьер Серік Жұманғарин бастап барды. Делегация құрамында көлік, сауда және интеграция министрліктерінің және басқа да ведомстволардың өкілдері де бар. Тараптар ислам банкингін, сауда мен туризмді талқылайды.14-19 мамыр аралығында өтетін форумда қонақтар тек іскерлік іс-шараларды ғана емес, сонымен қатар мәдени-ойын-сауық бағдарларды да тамашалайды. Мәселен, сән фестивалін және "Татнефть аренасда" өтетін хоккей матчын көре алады.KazanForum іскерлік бағдарламасы бірнеше тақырыптық бағыттарды қамтиды: халықаралық ынтымақтастық, туризм, бизнес, ғылым және технологиялар, исламдық қаржы және инвестициялар, спорт, халал индустриясы және т.б. Бағдарламада – Ресей өңірлерінен, Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінен және басқа елдерден сарапшылардың қатысуымен 125 тақырыптық сессия өткізіледі.Делегаттар мультимодальды көлік дәліздерін, туризмді, ресейлік халал өнімдерінің экспортын, экономикалық қауіпсіздікті, серіктестік қаржыландыруды, өнеркәсіптік, технологиялық, білім беру және мәдени жобаларды және т.б. дамытуға арналған сессияларда кездеседі. Б. Рамеев атындағы IT-паркте "Ресей – Ислам әлемі" стратегиялық көзқарасы тобының отырысы өтеді.Бағдарламада – ИЫҰ елдерінің жас кәсіпкерлерінің Х Қазан форумы, ИЫҰ елдерінің жас дипломаттарының форумы, стартаптардың тұсаукесерлері, жас аспаздар турнирі және басқа да іс-шаралар бар.Пленарлық отырыс 17 мамырда өтеді. Сарапшылар Ресей мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінің түрлі салалардағы өзара іс-қимылының перспективаларын талқылап, форум жұмысын қорытындылайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0f/44278898_187:0:2916:2047_1920x0_80_0_0_3d8d412d85c2a7855f211542067b7044.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ислам ынтымақтастық ұйымы, видео
ислам ынтымақтастық ұйымы, видео
"Ресей – Ислам әлемі": форум сессиясының трансляциясы
Қазанда "Ресей - ислам әлемі" Халықаралық форумы басталды. Ол Қазанда 14-19 мамыр аралығында өтеді
"Ресей – ислам әлемі: KazanForum" халықаралық экономикалық форумының бағдарламасында 12 түрлі бағыт бойынша 125 тақырыптық сессия сейсенбіде Қазанда басталған болатын.
Қазақстандық делегацияны Kazan Forum-да вице-премьер Серік Жұманғарин бастап барды. Делегация құрамында көлік, сауда және интеграция министрліктерінің және басқа да ведомстволардың өкілдері де бар. Тараптар ислам банкингін, сауда мен туризмді талқылайды.
14-19 мамыр аралығында өтетін форумда қонақтар тек іскерлік іс-шараларды ғана емес, сонымен қатар мәдени-ойын-сауық бағдарларды да тамашалайды. Мәселен, сән фестивалін және "Татнефть аренасда" өтетін хоккей матчын көре алады.
KazanForum іскерлік бағдарламасы бірнеше тақырыптық бағыттарды қамтиды: халықаралық ынтымақтастық, туризм, бизнес, ғылым және технологиялар, исламдық қаржы және инвестициялар, спорт, халал индустриясы және т.б. Бағдарламада – Ресей өңірлерінен, Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінен және басқа елдерден сарапшылардың қатысуымен 125 тақырыптық сессия өткізіледі.
Делегаттар мультимодальды көлік дәліздерін, туризмді, ресейлік халал өнімдерінің экспортын, экономикалық қауіпсіздікті, серіктестік қаржыландыруды, өнеркәсіптік, технологиялық, білім беру және мәдени жобаларды және т.б. дамытуға арналған сессияларда кездеседі. Б. Рамеев атындағы IT-паркте "Ресей – Ислам әлемі" стратегиялық көзқарасы тобының отырысы өтеді.
Бағдарламада – ИЫҰ елдерінің жас кәсіпкерлерінің Х Қазан форумы, ИЫҰ елдерінің жас дипломаттарының форумы, стартаптардың тұсаукесерлері, жас аспаздар турнирі және басқа да іс-шаралар бар.
Пленарлық отырыс 17 мамырда өтеді. Сарапшылар Ресей мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінің түрлі салалардағы өзара іс-қимылының перспективаларын талқылап, форум жұмысын қорытындылайды.