АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. "Қазгидромет" 11-13 мамырға ауа райы болжамын жасады.
Синоптиктердің мәліметінше еліміздің батыс аймақтарында найзағай ойнап, қатты жаңбыр мен бұршақ жауады деп болжанып отыр, ауа температурасы төмендейді.
Фронтальды аймақтар шығысқа қарай ығысқан сайын, Ақ теңіз аймағынан фронттар жылжып, солтүстік, орталық аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Максималды температура біртіндеп 22-27 градусқа дейін жоғарылайды.
Сондай-ақ оңтүстік және шығыс аймақтарда ауа райы құбылады, жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел болады деп болжануда. Алайда термометр бағаны күндіз біртіндеп 20-32 градус жылыға жетеді.