Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина министрі билік энергия нысандарын қалпына келтіріп үлгермей жатқанын айтты

Sputnik
АЛМАТЫ, 5 мамыр – Sputnik. Украинаның энергетика министрі Герман Галущенко елдің энергетикалық жүйесіне жасалған соңғы соққылар кезінде көп нысан жойылғанын айтты. Бұл бұған дейінгі бомбаланған, бірақ қалпына келтірілген нысандардан да көп.
"Біз жөндедік, олар оны жойып жіберді... Өкінішке қарай, олар біз қалпына келтіргеннен де көп нысанды жойды", — деді Галущенко Украинаның бірыңғай жаңалықтар телемарафонында бүлінген және жойылған қуаттарды қалпына келтіру туралы сұраққа жауап беріп.
Министрдің айтуынша, кейбір шабуыл нысандарды толығымен жойып жіберген, тіпті оларды қалпына келтіру мүмкіндігіне ол күмән келтірді.
Украинаның энергетика министрлігі 22 наурызда Украинаның энергетикалық жүйесі соңғы уақытта ең ірі шабуылға ұшырағанын айтты.
"Укргидроэнерго" компаниясының бас директоры Игорь Сирота Украина Запорожье қаласында орналасқан Днепр су электр станциясының зақымдануына байланысты реттеуші қуаттылықтың шамамен 20% жоғалтты деп хабарлады.
DTEK энергия холдингінің құрамына кіретін Yasno компаниясының бас директоры Сергей Коваленконың айтуынша, елдің энергия жүйесіне қатты зақым келгендіктен, жазға қарай электр энергиясы тапшылығы туындауы мүмкін.
Харьков мэрі Игорь Терехов ЖЭО мен трансформаторлық қосалқы станциялардың жойылғанын мәлімдеді.