https://sputnik.kz/20240505/ukraina-ministri-bilik-energiya-nysandaryn-qalpyna-keltirip-ulgermey-zhatqanyn-aytty-44098313.html
Украина министрі билік энергия нысандарын қалпына келтіріп үлгермей жатқанын айтты
Украина министрі билік энергия нысандарын қалпына келтіріп үлгермей жатқанын айтты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 5 мамыр – Sputnik. Украинаның энергетика министрі Герман Галущенко елдің энергетикалық жүйесіне жасалған соңғы соққылар кезінде көп нысан жойылғанын... 05.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-05T13:38+0500
2024-05-05T13:38+0500
2024-05-05T13:38+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
электр энергиясы
https://sputnik.kz/img/07e8/04/18/43880550_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_705f495d9b97d5451ffb9ba7cab83c85.jpg
АЛМАТЫ, 5 мамыр – Sputnik. Украинаның энергетика министрі Герман Галущенко елдің энергетикалық жүйесіне жасалған соңғы соққылар кезінде көп нысан жойылғанын айтты. Бұл бұған дейінгі бомбаланған, бірақ қалпына келтірілген нысандардан да көп."Біз жөндедік, олар оны жойып жіберді... Өкінішке қарай, олар біз қалпына келтіргеннен де көп нысанды жойды", — деді Галущенко Украинаның бірыңғай жаңалықтар телемарафонында бүлінген және жойылған қуаттарды қалпына келтіру туралы сұраққа жауап беріп.Министрдің айтуынша, кейбір шабуыл нысандарды толығымен жойып жіберген, тіпті оларды қалпына келтіру мүмкіндігіне ол күмән келтірді.Украинаның энергетика министрлігі 22 наурызда Украинаның энергетикалық жүйесі соңғы уақытта ең ірі шабуылға ұшырағанын айтты."Укргидроэнерго" компаниясының бас директоры Игорь Сирота Украина Запорожье қаласында орналасқан Днепр су электр станциясының зақымдануына байланысты реттеуші қуаттылықтың шамамен 20% жоғалтты деп хабарлады.DTEK энергия холдингінің құрамына кіретін Yasno компаниясының бас директоры Сергей Коваленконың айтуынша, елдің энергия жүйесіне қатты зақым келгендіктен, жазға қарай электр энергиясы тапшылығы туындауы мүмкін.Харьков мэрі Игорь Терехов ЖЭО мен трансформаторлық қосалқы станциялардың жойылғанын мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/18/43880550_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_d8b13309a11005fd64b1b9f956a1f4e6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электр энергиясы
АЛМАТЫ, 5 мамыр – Sputnik. Украинаның энергетика министрі Герман Галущенко елдің энергетикалық жүйесіне жасалған соңғы соққылар кезінде көп нысан жойылғанын айтты. Бұл бұған дейінгі бомбаланған, бірақ қалпына келтірілген нысандардан да көп.
"Біз жөндедік, олар оны жойып жіберді... Өкінішке қарай, олар біз қалпына келтіргеннен де көп нысанды жойды", — деді Галущенко Украинаның бірыңғай жаңалықтар телемарафонында бүлінген және жойылған қуаттарды қалпына келтіру туралы сұраққа жауап беріп.
Министрдің айтуынша, кейбір шабуыл нысандарды толығымен жойып жіберген, тіпті оларды қалпына келтіру мүмкіндігіне ол күмән келтірді.
Украинаның энергетика министрлігі 22 наурызда Украинаның энергетикалық жүйесі соңғы уақытта ең ірі шабуылға ұшырағанын айтты.
"Укргидроэнерго" компаниясының бас директоры Игорь Сирота Украина Запорожье қаласында орналасқан Днепр су электр станциясының зақымдануына байланысты реттеуші қуаттылықтың шамамен 20% жоғалтты деп хабарлады.
DTEK энергия холдингінің құрамына кіретін Yasno компаниясының бас директоры Сергей Коваленконың айтуынша, елдің энергия жүйесіне қатты зақым келгендіктен, жазға қарай электр энергиясы тапшылығы туындауы мүмкін.
Харьков мэрі Игорь Терехов ЖЭО мен трансформаторлық қосалқы станциялардың жойылғанын мәлімдеді.