АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Ресей Ішкі істер министрлігі Украина президенті Владимир Зеленскийге іздеу жариялады, деп хабарлады РИА Новости.
"Владимир Александрович Зеленский, 1978 жылдың 25 қаңтарында дүниеге келген. Қылмыстық кодекстің бабы бойынша іздеу жарияланды", - деп жазылған РФ ІІМ-нің іздеу деректер базасында.
Украина басшысы қандай бап бойынша іздестіріліп жатқаны нақтыланбаған.
Мәліметтер базасында іздеуде жүрген адамның туған жері – Украинаның Днепропетровск облысы, Кривой Рог қаласы да көрсетілген.