Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский Қырым көпірін қиратуға дайындалып жатқанын айтты

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуҚырым көпірі
Қырым көпірі - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский жаңа қарсы шабуылдың жоспарын дайындап жатқанын және бұған Қырым көпірін қиратуды қосқысы келетінін айтты, деп хабарлады РИА Новости.
Немістің Bild газетіне берген сұхбатында Зеленский Киев жаңа қарсы шабуылды жоспарлап отырғанын айтты. Журналистің бұған Қырым көпірін қирату кіре ме деген сұрағына Зеленский "иә" деп жауап берді.
"Біз мұны шынымен қалаймыз. Бұл бәрі айтып жатқан Керчь қаласындағы көпір ғана емес, бұл әскери мақсаттағы кейбір инфрақұрылымдық нысандар да, яғни, көпірлер, аэродромдар", - деді ол.
Зеленскийдің айтуынша, әңгіме қару-жарақ тасымалданатын көпірлер мен Украинаға шабуыл жасайтын ұшақтар ұшатын аэродромдар туралы болып отыр.
Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2024
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Харьковты әуе шабуылынан қорғау қиын болып тұр – Зеленский
Жаңалықтар
0