Тағы 40 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

Премьер-министр Олжас Бектенов Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысы өткізді
Sputnik
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия мемлекет кірісіне қосымша 40 млрд теңгені қайтарды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Комиссия жалпы көлемі 40 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде қайтару жөніндегі келісімдерді мақұлдады", - деп жазылған хабарламада.
Оның 38 млрд теңгеден астамы – ақшалай қаражат, сондай-ақ Астанадағы құны 2 млрд теңге тұратын бизнес-орталық. Қайтарылған қаражат әлеуметтік мақсаттарға, оның ішінде су тасқыны салдарын жоюға бағытталады.
Бұған қоса 7 млрд теңге сомасына инвестициялық келісімдерге қол қою мақұлданды, оның аясында "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" ҚР заңы қолданылатын тұлғалар Астана және Шымкент қалаларында екі инфрақұрылым нысанын салады. Аталған жобаларды іске асыру жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және қосымша салық түсімдерін қамтамасыз етеді.
Қайрат Сатыбалдыұлының тағы 44,6 млрд теңгесі мемлекетке қайтарылды