Түркістан облысында мемлекетке 90 млн теңге қарыз болып қалған жүргізуші ұсталды

Полицейлер оны жедел басқару орталығынан түскен сигнал арқылы анықтаған
Sputnik
АСТАНА, 27 сәуір– Sputnik. Түркістан облысында мемлекетке 90 миллион теңге қарыз азаматтың көлігі айып тұрағына қойылды.
Берешегі белшеден асқан 46 жастағы Қызылорда тұрғыны күре жолда ұсталды, деп хабарлады Almaty.tv.
Полицейлер оны жедел басқару орталығынан түскен сигнал арқылы анықтаған көрінеді. Белгілі болғандай, борышкерге мұндай сома сот орындаушылардың қаулысына сәйкес белгіленген.
"Заң талаптарына сәйкес, полицейлер көлікті айыппұл тұрағына қойып, жүргізушіге салынған айыппұл мен қарызды уақтылы төлеуі керек екенін түсіндірді", – деді полиция департаментінің ресми өкілі Гүлнәр Әбдіжаппарова.
Қоғам
Аймағамбетов мектептерге салынатын айыппұл жайлы: кімнен жинайтыны айтпаса да түсінікті