АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті "Шапағат" базарының аумағында және басқа да базарларда өлген мал етінің сатылып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"2024 жылдың басынан бері "Шапағат" базарында немесе басқа базарларда өлген малдың еті мен шығу тегі күмәнді ет әкелінбеген және сатылмаған. "Шапағат" базарының аумағында және басқа да базарларда ветеринариялық-санитариялық инспекторлар күн сайын құжаттық және физикалық бақылауды, сондай-ақ жануарлардан алынатын өнімдерге ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізеді. Барлық мал өнімдері тек қауіпсіздігі мен шығу тегін растайтын ветеринариялық құжаттармен бірге нарыққа шығарылады", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, "Шапағат" базарында және басқа да базарларда білікті ветеринарлар мен қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер бар мамандандырылған зертханада күнделікті өнімдерге зертханалық сараптама жүргізіледі.
"Сондай-ақ су тасқыны салдарынан қырылған ауыл шаруашылығы жануарларының, үй жануарларының және құстардың өлекселерін жою жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтеміз. Өлген жануарларды мал қорымдарында және арнайы бөлінген шұңқырларда өртеу арқылы жойылады", - деп хабарлайды министрлік.