https://sputnik.kz/20240423/astana-bazarynda-olgen-maldyn-eti-satyldy-ministrlik-aqparatty-zhoqqa-shygardy-43863505.html
Астана базарында өлген малдың еті сатылды: министрлік ақпаратты жоққа шығарды
Астана базарында өлген малдың еті сатылды: министрлік ақпаратты жоққа шығарды
Sputnik Қазақстан
Базарларда ветеринариялық-санитариялық инспекторлар күн сайын сараптама жүргізеді 23.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-23T22:09+0500
2024-04-23T22:09+0500
2024-04-23T22:09+0500
базар
ет
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0e/36793566_0:159:3076:1889_1920x0_80_0_0_cfb0c5b46c7d407c01c714988fca4054.jpg
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті "Шапағат" базарының аумағында және басқа да базарларда өлген мал етінің сатылып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство мәліметінше, "Шапағат" базарында және басқа да базарларда білікті ветеринарлар мен қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер бар мамандандырылған зертханада күнделікті өнімдерге зертханалық сараптама жүргізіледі. "Сондай-ақ су тасқыны салдарынан қырылған ауыл шаруашылығы жануарларының, үй жануарларының және құстардың өлекселерін жою жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтеміз. Өлген жануарларды мал қорымдарында және арнайы бөлінген шұңқырларда өртеу арқылы жойылады", - деп хабарлайды министрлік.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0e/36793566_174:0:2903:2047_1920x0_80_0_0_c5bda82ed6d944bbdb90b1f28ec9edb5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
базар, ет
Астана базарында өлген малдың еті сатылды: министрлік ақпаратты жоққа шығарды
Базарларда ветеринариялық-санитариялық инспекторлар күн сайын сараптама жүргізеді
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті "Шапағат" базарының аумағында және басқа да базарларда өлген мал етінің сатылып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"2024 жылдың басынан бері "Шапағат" базарында немесе басқа базарларда өлген малдың еті мен шығу тегі күмәнді ет әкелінбеген және сатылмаған. "Шапағат" базарының аумағында және басқа да базарларда ветеринариялық-санитариялық инспекторлар күн сайын құжаттық және физикалық бақылауды, сондай-ақ жануарлардан алынатын өнімдерге ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізеді. Барлық мал өнімдері тек қауіпсіздігі мен шығу тегін растайтын ветеринариялық құжаттармен бірге нарыққа шығарылады", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, "Шапағат" базарында және басқа да базарларда білікті ветеринарлар мен қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер бар мамандандырылған зертханада күнделікті өнімдерге зертханалық сараптама жүргізіледі.
"Сондай-ақ су тасқыны салдарынан қырылған ауыл шаруашылығы жануарларының, үй жануарларының және құстардың өлекселерін жою жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтеміз. Өлген жануарларды мал қорымдарында және арнайы бөлінген шұңқырларда өртеу арқылы жойылады", - деп хабарлайды министрлік.