Өңірлер

Атырауда полицейлер өртке оранған үйден 60 адамды эвакуациялады

Sputnik
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Атырауда көпқабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды.
ІІМ ақпаратынша, төтенше жағдай 20 сәуір күні сағат 17:50 шамасында болған.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көпқабатты үйлердің бірінен өрт шыққанын байқап, дереу тұрғындарға көмекке жүгірген.
Полицейлер 10 минуттың ішінде 60 адамды эвакуациялады. Сондай-ақ, ішінен құлыпталып қалған пәтердің есігін бұзып, екі қарияны қауіпсіз жерге шығарды.
Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.
Қарағанды облысында өрттен төрт бала көз жұмды