Астана ШЫҰ-2024

ШЫҰ-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері Астанада кездеседі

Қорғаныс министрлерінің кеңесі 26 сәуірге жоспарланған
Sputnik
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер қорғаныс министрлерінің кеңесі өтеді.
"Іс-шара 2024 жылғы 26 сәуірде болады. Аталмыш кеңес Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы аясында ұйымдастырылып отыр", - деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
Оған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының басшылары, оның Бас хатшысы, ұйымның Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы атқарушы комитетінің директоры және Беларусь Республикасының қорғаныс министрі келеді деп күтілуде.
Кеңес қызметі әскери саладағы сенім шараларын нығайтуға, жауапкершілік аймағында бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесуге, өңірлік қауіпсіздіктің жаңа сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлеріне қарсы тұруға бағытталған күш-жігерді үйлестіруге бағытталған.
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ елдерінің арнайы қызметтері терроризмге қарсы күрес бағдарламасының жобасын мақұлдады