ШЫҰ елдерінің арнайы қызметтері терроризмге қарсы күрес бағдарламасының жобасын мақұлдады

© Photo : Пресс-служба Секретариата ШОСВ Секретариате ШОС в Пекине были приспущены флаги государств-членов ШОС в знак траура и скорби по жертвам трагического события в "Крокус сити холле"
В Секретариате ШОС в Пекине были приспущены флаги государств-членов ШОС в знак траура и скорби по жертвам трагического события в Крокус сити холле - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2024
Жазылу
Ұйымға мүше елдердің құзыретті органдарының аймақтағы қазіргі заманғы сын-қатерлерге қарсы тұру жөніндегі бірлескен шаралары туралы қазақстандық бастама да мақұлданды
АСТАНА, 29 наурыз - Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы кеңесі терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықтың 2025-2027 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын мақұлдады, деп хабарлайды РИА Новости.
"ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастығы бағдарламасының жобасын бекіту туралы шешім қабылданды", - делінген Ташкентте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы кеңесінің 41-ші отырысының қорытындысы бойынша кеңестің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Отырыс барысында Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы кеңесінің ШЫҰ-ға мүше-мемлекет басшылары кеңесіне ұйымның 2023 жылғы қызметі туралы баяндамасы келісілді.
"Қырғыз тарапының "Ынтымақтастық – 2024" бірлескен шекара операциясын жүргізу туралы ұсынысы қолдау тапты", - делінген хабарламада.
Ұйымға мүше елдердің құзыретті органдарының аймақтағы қазіргі заманғы сын-қатерлерге қарсы тұру жөніндегі бірлескен шаралары туралы қазақстандық бастама да мақұлданды, деп хабарлады баспасөз қызметі.
ШЫҰ – 2001 жылы құрылған халықаралық ұйым. Оған Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Пәкістан және Өзбекстан кіреді. Бақылаушы елдер – Ауғанстан, Беларусь және Моңғолия, серіктес елдер – Әзербайжан, Армения, Камбоджа, Непал, БАӘ, Түркия және Шри-Ланка. 2023 жылы маусымда Нью-Делиде өткен ШЫҰ саммитінде Беларусь ұйымға мүше мемлекет мәртебесін алу үшін міндеттемелер туралы меморандумға қол қойды. ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының штаб-пәтері Ташкентте орналасқан.
Жаңалықтар
0