Қазақстан бұқаралық футболды дамытқаны үшін УЕФА-ның марапатын алды

УЕФА-ның бұқаралық футбол номинациясында Қазақстан Германия мен Чехияны артқа тастады
Sputnik
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. УЕФА-ның штаб-пәтерінде бұқаралық футболдан 2023/24 жылғы "UEFA Grassroots Awards" марапаттау рәсімі өтті.
ҚФФ УЕФА-ның бұқаралық футбол бойынша марапатын жеңіп алды
2023 жылы ҚФФ өткізген "Балалар үйі тәрбиеленушілері арасындағы футбол фестивалі" 2023/24 маусымның УЕФА бұқаралық футбол марапаты аясында үздік футболға баулу жобасы деп танылды.
ҚФФ УЕФА-ның бұқаралық футбол бойынша марапатын жеңіп алды
Ньонда өткен марапаттау рәсіміне Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Андрей Дудин қатысты.
КФФ получила награду от УЕФА за лучший проект по массовому футболу
"Балалар үйі тәрбиеленушілері арасындағы футбол фестивалі" 2023 жылы бірнеше айға созылған болатын. Жоба балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін ұжымда жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, физикалық және психологиялық денсаулықтарын нығайтуға және қолайлы әлеуметтік ортаны құруға бағытталды.
ҚФФ УЕФА-ның бұқаралық футбол бойынша марапатын жеңіп алды
UEFA Grassroots Awards марапатында Қазақстан Германия және Чехиядан басым түсті:
Футболға баулу бойынша үздік жоба:
"Балалар үйі тәрбиеленушілері арасындағы футбол фестивалі" (Қазақстан);
"Қыздарға арналған мобильді жаттығулар" (Германия);
"Менің алғашқы голым" (Чехия).